Жарысқа әлемнің 11 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы». Әлеуметтік серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Жарыстың жалпы қоры 18 млн теңгені құрайды. I орын - 10 млн тг, II орын - 5 млн тг, III орын - 3 млн тг. Ережеге сәйкес, шабандоздар серкенің резеңке нақпішінін қолға түсіріп, қарсыласқа қолдан бермей, қарсылас команданың шартты қақпасына дәл лақтырып түсірулері қажет.