Аймақтар • 26 Тамыз, 2017

Астанада құрбандық шалуға арналған орындар анықталды

393 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Астанада құрбандық шалуға арналған орындар анықталды

Бүгінде Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды:

1. «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш, 30 тас жолы («Көк Базар» базар жақта); Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 11, 34, 38, 41, 53, 58, 120, 127;

2. «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы); Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 71;

3. «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» тас жолы 9 шақырым; Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады:№ 307;

4. «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ, ул. Ақжар, 20; Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 15,22;

5. «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары), Тілендиев көшесі, 24; Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады:№ 4, 71, 81;

6. «Темеш» ШҚ, Астана-Софиевка тас жолы 7 шақырым; Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 307;

7. «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ; Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 24;

8. Есжанова А. ЖК, «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі; Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 7, 34, 38, 39, 41, 120, 127;

9. «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңында; Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады:№ 308, 309;

10. «Сапа Су» ЖШС, Қосшы кенті, 4340 ү., Қосшы кентінің маңында.

Онымен бірге 28-29 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалында «Нұр Астана» мешітінде шариат бойынша құрбандық шалуды өткізу бойынша мал қасапшылары үшін екі күндік оқыту семинары өтеді. Семинарға кез-келген адам қатыса алады. Өзіңмен бірге жеке куәлік пен санитарлық кітапшаны әкелу қажет. Семинардың басталуы сағат 09.00-де, мекенжай: Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 36.