Айта кетейік, бокс кеші 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша, бокс кеші 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде өтеді. Ал АҚШ-та Головкин - Альварес жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бір теледидардан көру құны - 75 доллар. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.