Кеше Астанада Энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-америкалық бірлескен комиссияның сегізінші отырысы өтті. Оған елімізден Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен АҚШ жағынан осы елдің Энергетика министрінің орынбасары Дэниэл Понеман қатысты.
Басқосуда Қазақстан мен АҚШ-тың физикалық ядролық қауіпсіздік пен атом энергетикасы, көмірсутек ресурстары, жаңаратын энергия көздері және энергия тиімділігі, электр энергетикасы салалардағы ынтымақтастығын айқындайтын бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды. Жиыннан кейін Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Жалпы алғанда, бензин рыногындағы жағдай түзеліп келеді және жетіспеушілік көлемі жоқ деп айтуға болады. Сондай-ақ, өздеріңізге белгілі болғанындай, бағаның төмендеу үрдісі, атап айтқанда, дизель отынында байқалуда, деді аталған брифингте ведомство басшысы.
Энергетикалық әріптестікке арналған келесі бірлескен отырыс 2012 жылы Вашингтонда өтеді деп жоспарлануда.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.