Қазақстан • 28 Тамыз, 2017

Гүлшара Әбдіқалықова Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

195 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Гүлшара Әбдіқалықова Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

Сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова 2016 жылы қаланың 1000 жылдығына орай ашылған Алматы мұражайында болды. Мұражай қаланың ірі ғылыми және мәдени орталығы болып саналады. Оның экспозициясы та­қырыптық 11 залда орналасқан. Олар: «Алматының ежелгі тарихы», «Орта ғасырдағы Алматы тари­хы», «Қазақ мемлекеттілігінің бастауында», «Жетісу этно­графиясы», «Алматының Вер­ный кезеңіндегі тарихы», «ХХ ғасыр­да­ғы Алматы», «Мәдениет пен өнердің дамуы», «Альпинизм тарихы», «Желтоқсан», «Алматы және Елбасы», «Бейбітшілік пен келісім моделі» залдары.

Содан кейін Мемлекеттік хатшы 1931-1933 жылдардағы ашар­шы­лық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Ескерткіш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағд­арламалық мақаласындағы мін­деттерді іске асыру аясында 2017 жылғы 31 мамырда «Қарағайлы» саябағында ашылған. Оның эскизі Монумент өнері саласындағы жаңа құрылыстарды орнату жөніндегі мемлекеттік комиссияның шеші­мімен 20-дан астам жұмыстың арасынан таңдап алынды. Сәбиін бауырына басып тұрған ана бейнеленген ескерткіш қола мен граниттен жасалған биіктігі төрт метр.

Сапар соңында Мемлекеттік хатшы «Алматы Көк-Төбе Оpera – 2017» халықаралық фес­ти­валіне қатысты. Іс-шарада Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен еліміздің үздік солистері мен әлемнің опера және балет жұлдыздары өнер көрсетті.

Алғашқы фестиваль 2016 жылы Алматы қаласының 1000 жыл­­дығын мерекелеу аясында ұйым­д­астырылды. Биыл фес­ти­валь «Астана ЭКСПО-2017» халық­ара­лық көрмесіне және «Қала күні» мерекесіне орайластырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар