Парламент • 28 Тамыз, 2017

Сенат депутаты Өскемендегі кітапхана жұмысымен танысты

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының де­путаты, Аграрлық мә­се­лелер, табиғатты пай­да­лану және ауылдық ау­мақтарды дамыту ко­ми­тетінің төрағасы Сер­гей Плотников Өске­мендегі А.С.Пушкин атындағы кі­тапханада болды, деп ха­­барлады Парламент Се­на­тының баспасөз қызметі. 

Депутат кітапхана қызмет­кер­лерін Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, өзінің «Закон сохранения доверия» атты кітабын таныстырды. 
Сенатор кітапхананың бөлім­де­рімен және кітап қорымен танысты. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері С.Плотниковке оқыр­ман­дар­дың бос уақытын сәтті ұйым­дастыруға, әлеуметтік, білім беру мәселелерін шешуге, жаңа мүдделестер мен әріптестер табуға, жаңа мүмкіндіктер табуға жол ашатын жобалар туралы айтты. 

Сапар соңында Сергей Плот­ни­ков кітапхана қыз­мет­кер­леріне табысты еңбектері үшін алғыс айтты. 

Соңғы жаңалықтар