Кездесу барысында Қазақстанда америкалық ірі трансұлттық компаниялармен бірлескен индустриялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар Энергетикалық серіктестік бойынша қазақстандық-америкалық бірлескен комиссия жұмысын нығайту арқылы жаңа технологиялар мен зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады.