Қазақстан • 29 Тамыз, 2017

Қиғаштың жағасы тазаланды

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қиғаш ауылдық округінде халықаралық «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды. Оған Ресей Федерациясынан Астрахань облыстық табиғатты пайдалану және қоршаған ор­таны қорғау қызметі басшысының орынбасары Марина Гал­кина, Красный Яр аудандық муниципальдық білім бө­лі­мі­нің басшысы Нұрғали Байтеміров бастаған топ қатысты. 

 

Қиғаштың жағасы тазаланды

Шараның ашылу салтанатында Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов: «Қор­ша­ған ортаны таза ұстау, қор­ғау баршамыздың ортақ па­ры­­з­ымыз. Екі елдің арасы­нан өте­­тін Қиғаш өзе­нінің эко­но­­микалық ма­ңызы зор. Бұл өзен қос мем­лекет үшін де ауыл ша­руашылығы мен тұр­ғын­­­дарды сумен қамтуда ма­­ңыз­­ды рөл атқарады. Осы ша­раға өзен бойында ор­­на­лас­қан округтеріміз ат­­­салысады. Аталған акция Қиғаштың оң жә­не сол жа­ғалауын қамтиды. Ре­сей жа­­ғы арғы бетін тазалай­ды. Ға­сырлар бойы іргелес ке­ле жат­­қан екі елдің татулығы жа­­ра­са берсін», деді.

Ресей Федерациясы Астра­ха­нь облыстық таби­ғат­ты пай­­да­лану және қор­­шаған ортаны қор­ғау қыз­меті басшысының орын­ба­сары Марина Галкина: «Мұн­­дай шараларды бірігіп өт­­кізу дәстүрімізге ай­нал­ды. Өзара ын­тық­мақ­тастығымыз ал­да­ғы жыл­дар­­да да жал­ғасын та­бады деп ойлаймын, – дей ке­ліп, Астрахань облысы үкі­ме­тінің алғыс хатын Аты­рау облыстық табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалану­ды реттеу басқармасының бас­шы­сының орынбасары Орақ Бисембиевке, Астрахань облыстық табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қор­ғау қызметінің алғыс хатын ау­дан әкімі Бибоз Шаяхметовке та­быс етті. 

Атырау облыстық таби­ғи ресурстар және та­би­ғат­ты пайдалануды реттеу бас­қармасының бас­шы­сының орынбасары Орақ Бисембиев: «Таза жа­ғалау» акциясын өткізу көп­т­ен бе­рі жалғасын тауып келе жат­қан игі істердің бірі. Би­­ыл Елбасымыз Нұр­сұл­­тан Назарбаев өзінің «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ма­қа­ласын жариялады. Атал­ған тұжырымдамада ал­ты бағыт белгіленген. Со­ның біріншісі «Туған жер». Оның туған жерден бас­та­луы­ның өзінде үлкен мән жатыр», деді.

Акция барысында Қи­ғаш өзенінің жағалауын т­а­зар­ту жұмыстарына Сафон, Бірлік, Кудряшов, Байда, Шортанбай, Қиғаш, Дың­ғызыл ауылдық округ­терінен келген тұрғындар да қатысты.

Қанат ҒҰМАРОВ

Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы,
Ганюшкин ауылы

Соңғы жаңалықтар