Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Татарстан мен Талдықорған арасы

294 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Татарстан Республикасының Пре­зи­­денті Рустам Минниханов Алматы об­лы­­сына арнайы жұмыс са­па­­рымен келді. Ол облыс әкімі Аман­дық Баталовпен кез­десіп, бірқатар келісімдер жасалды. Сон­д­ай-ақ, облыстың тыныс-тіршілігін ба­­ғам­дап, жеткен жетістіктерімен та­ныс­ты.

 

Татарстан мен Талдықорған арасы

Облыстық әкімдікте өткен ресми кездесу өңір экономикасының басым бағыттары мен Талдықорған қаласын дамытудың бас жос­парымен танысудан басталды. Рес­ми де­легацияға облыс ау­ма­ғын­да жүзеге асыры­лып жат­қан агроөнеркәсіптік ке­шен­ді дамы­ту, индустрияланды­ру, инвестиция тар­ту көр­сет­кіштері және өңірдің да­му бағыты жай­лы жан-жақты ақпа­рат берілді. Соңғы уа­қыт­­тарда ат­қарылған жұмыстар мен жеткен же­­тістіктердің көрсеткіші жаңа әріптестік қа­рым-қатынастарға негіз салмақ. Осыған дей­ін қол жеткізген келісімдердің нәтижесі де мәмілеге әсер етпей тұрмайды. Ин­вес­тиция тар­ту, шетелдік компа­ниялармен әріптестікті нығайту бү­гінде ел экономикасының бір ті­ре­­гі есептеледі. Сол себепті, Татар­стан елі бас­­шысының бұл сапары ал­дағы уақыттағы тың жобаларға жол ашары сөзсіз.

Бұл сапардың ұйытқысы болған біздің тарап екенін айта кеткен жөн. Ресми делегациямен салтанатты таныстықтан соң, облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөй­леп, шақыртуды қабыл алғаны үшін Татарстан Рес­­пуб­ликасының Пре­­зиденті Рустам Ми­нни­­­­­­­­хановқа алғыс білдірді. Кез­де­су­­дің мақ­са­ты мен облыс эко­но­ми­касының негізгі ба­ғыт­тарына тоқ­талды.

– Біз сіздерден өнеркәсіпті дамыту, жаңа тех­нологияларды енгізу тұрғысындағы тә­жі­рибелеріңізді өзі­мізде қолданғымыз ке­леді. Қа­нт қызылшасын өсіруді жаң­ғырту – Же­тісу өлкесі үшін басым ба­ғыттардың бі­рі болғандықтан, бұл салада жұмыла жұ­мыс жүр­гі­зу­деміз. Сол себепті сіздердің осы ба­ғыттағы тәжірибелеріңіз бен тех­но­­ло­гия­ларыңыз бізді қызық­ты­ра­тындығы анық. Сондай-ақ, Мем­ле­кет басшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойын­ша құрылған «Қорғас – Шығыс қақ­пасы» ар­найы экономикалық аймағы мен «Қор­ғас» шекара маңы ынтымақтастығының Ха­лық­аралық орталығы (ШЫХО) арқылы «Құр­ғақ порт» трансұлттық жо­басының мүм­кіншіліктеріне не­гізделіп, Татарстан мен Алматы об­лысының кәсіпкерлері арасын­да әріптестіктің тығыз байланысын о­р­нат­қан жөн. Тағы бір атап өтуге тұрарлық мә­се­ле – біздің өңірімізде барлық қажетті инфра­құрылымы жүргізілген индустриялды ай­мақтар бар. Бұл да бизнесті дамыту мен ин­вестиция тартуға септігін тигізер игі ісіміз, – деді әкім.

Ал Татарстан Президенті екі арадағы әріп­тестікке мүдделі еке­нін айта келіп, жаңа қарым-қа­ты­­настарға жол ашатын осы кез­де­­суді ұйымдастырып, шақыру ұсын­ғаны үшін өңір басшысына ри­зашылығын жеткізді. Екіжақты ты­ғыз қарым-қатынас орнатудың негізгі тетіктерін сөз қылды. Бұл са­парында көзделген келісімдердің татар тарапы үшін де аса маңызды екенін ескертті.

– Біз «Қорғас» ШЫХО мен «Қор­ғас – Шығыс қақпасы» АЭА мүмкіндіктерімен танысуға үлкен қы­зығушылық білдіріп отыр­мыз. Біз үшін еркін экономикалық ай­мақтың жұмысымен танысу, қандай ба­ғыт­тар бойынша бір­лесіп жұмыстар жүр­гізуге бо­ла­тындығын анықтау, отандық өнім­­де­рі­мізді Қазақстан аумағы ар­қылы өз­ге мем­­лекеттерге өт­кізу мүмкіндіктерін қа­рас­­тыру маңызды болып тұр. Сонымен қа­­тар, Алматы облысында мемлекет-же­ке­­мен­шік әріптестік негізінде көптеген ба­ла­бақ­ша­лардың ашылып жатқандығына ерекше тоқ­тал­ғым келеді. Бұл тәжірибелеріңіз жа­ңалық бол­ды. Қызықтырды. Одан бөлек, Же­тісу өңі­рі майбұршақ пен жүгері өндіру бой­ын­ша алдыңғы қатарда екендігін ескерсек, біз үшін осы өнімдерді өсірудегі сіз­дер­дің тә­жі­рибелеріңіз қажет. Жал­пы, Татарстан мен Ал­маты облысы арасында ауылшаруашылығы б­а­­ғытында жолдары қиылысар тұс­тар­дың өте көп екендігін және оны қос тарапқа да тиімді пай­далануға болатындығын байқадым, – деді Рустам Минниханов.

Сөзінің соңында жетісу жерінің көр­кем­ді­гін, шаруашылыққа ыңғай­лы табиғи-кли­маттық жағ­дай­ын атап өтті. Мұндай ба­сым­дық­­тар мен артықшылықтар кім-кім­мен де бә­секеге қорықпай тү­суге және кім-кімге де се­німді се­рік­тес бола алатынын айта келіп, қан­дай келісімге келсе де, екі жақ үшін де тиімділікке бастарына сенім білдірді.

Татар ұлтының, Татарстан Рес­пуб­ли­к­а­сы­ның басшысы келіп жат­қанда, еліміздегі та­тар диаспорасы бұл кездесуден қалыс қа­ла қоймасы анық. Әкімдіктегі өзара тиім­ді ын­­тымақтастық мүмкіндіктерін тал­­қы­ла­ған­нан кейін, қос тарап кездесуді Тіл сарай­ын­да жал­ғас­тыр­ды. Мәртебелі меймандар Ал­маты облысының татар этно­мә­дени орталығының өкіл­де­рімен кез­десіп, көзайым болды деуге болады. Тіл са­рай­­ындағы жиында Татарстан Президенті об­­лыс әкіміне Әріп Тәңірберген жазып қал­дыр­ған «Біржан Сал мен Ақын Сара айтысы» атты қолжазбаның көшірмесін табыстады.

Қонақтардың бұдан арғы сапары не­гіз­гі діттеген мақсат бойын­ша Панфилов ауда­­нында жал­ғас­ты. «Қорғас – Шығыс қақ­па­сы» арнайы экономикалық айм­а­ғы мен «Қор­ғас» шекара ма­ңы ынтымақтастығының Ха­лық­аралық орталығымен танысып, алыс-бе­ріс, барыс-келіс жүретін ай­­мақтың тыныс-тір­шілігіне, ар­тық­шылықтарына қанығып қайтты.

Алмас НҮСІП,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Суретті түсірген

Жұмабай Мұсабеков

 

Соңғы жаңалықтар