Қазақстан • 29 Тамыз, 2017

«ЭЙР Астана» қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті

1275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың мамырында «Эйр Астана» әуе компания­сы Әуе көлігі халықаралық қау­ым­­­дастығының IOSA (IATA Operational Safety Audit) экс­плуа­тациялық қауіпсіздігі бойын­ша алтыншы аудитінен сәтті өтті. 

«ЭЙР Астана» қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті

Алғашқы рет әуе компаниясы IOSA аудитінен 2007 жылы өт­кен болатын. Одан кейін әр екі жыл сайын 2009, 2011, 2013, 2015 жылдары сертификация­дан өткен. Келесі аудит 2019 жылға жоспарланды. IOSA экс­плуатациялық қауіпсіздік б­о­­йынша аудит – бұл әуе ком­па­нияларының өндірісті басқару және бақылау жүйелерін бағалау үшін белгіленген  халық­аралық тексеру жүйесі болып табылады.

Соңғы аудит барысында құ­жаттарды тәуелсіз тексеру жұмыстары жүргізілді жә­не әуе тасымалдаушысының бар­­лық қызмет саласы бо­йын­­ша 1000-ға жуық IOSA стан­дарт­­тары орындалды. Бұл стан­дарттарға корпоративтік ұйым­­дастыру және бақылау жүйелері, ұшу сапарларының орын­далуы, ұшуды басқару және диспетчерлік қызмет, ұшақ­тарға техникалық және жер­дегі қызмет көрсету, борттық кү­тім, жүк операциялары және авиа­циялық қауіпсіздік жатады. «Қауіпсіздік әуе компаниясының басты басымдылығы және IOSA аудитінің нәтижелері әуе компаниясындағы қауіпсіздіктің ең жоғарғы халықаралық стан­дарттарға сәйкес екендігінің жә­не оны қамтамасыз етуге көп көңіл бөлетіндігінің айғағы болып табылады», деп атап көрсетті «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.