Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Кентауға көгілдір отын беріледі

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан екі-үш жыл бұрын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Түркістан қаласының іргесіне қазығын қаққан болатын. Көгілдір отын атшап­тырым жерде болғанымен қалаға құбыр кіргізіп, әр үйге тарату үлкен қаржыны талап ететін жұмыс.


Кентауға көгілдір отын беріледі

Кентау осы игілікті іске жан-жақты дайын. Бүгінде шаһар аумағында табиғи газды тарататын станса мен магистралды құбырдың жұмысы аяқталып қалды. Түркістаннан тартылған газ құбыры Әзірет-Сұлтан мұражайындағы атақты Тайқазан құйылған Қарнақ ауылына да жетті. Мердігер «Шымкент-Газ» се­ріктестігі монтаждау жұмыс­тарын аяқтауға жақын.

Көгілдір отынның қалаға кіруі алып кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіптің өркендеуіне жол ашады.

Жалпы, Кентауда ең үлкен проблема – қыс кезінде жылудың жеткіліксіздігі болатын. Орталық ЖЭО-ны жыл сайын мол қаржы салып лекерлегенімен алып қазан­дықтарға көмір жеткізе алмай пұшайман болып отыратын еді. Енді құдай қаласа, моноқала халқы қыс кезіндегі бүрсеңдеп тоңғандарын жайсыз түстей ғана көретін күйге жетеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

  

 

Соңғы жаңалықтар