Облыс орталығына кіреберісте қаланың солтүстік тұсында Павлодар деген жазу пайда болды.
Жобаның авторы Игорь Ысқақовтың айтуынша, көгілдір түсті толқындағы бұл сөз қаланың Ертіс өзені бойында орналасқанын көрсетеді. Стеллада темірден жасалған шағала, көк толқын, биік шаңырақтың бейнесі бәрі де жарасым тапқан,барлығы қосылып жолаушыларға сәтті сапар тілеп тұрғандай.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»