Технология • 29 Тамыз, 2017

Apple iPhone 8 таныстырылымын 12 қыркүйекте өткізеді

77 реткөрсетілді

Бұл күні компания бірден үш жаңа смартфонын таныстырады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Сурет: tjournal.ru

Басылым көрсетілімнің күнін компаниядан бұрын жариялады. WSJ дереккөздерінің хабарлауынша, шара бейсенбі күні 12 қыркүйекте өтеді. Бұған дейін Mac4Ever басылымы да осы күнді айтқан еді.

Apple жаңа құрылғылардың таныстырылымын компанияның негізін қалаушы Стив Джобсқа арналған жаңа залда өткізгісі келеді. Жоспар бойынша оның сыйымдылығы 1000 адамға дейін. Алайда залдың құрылысы аяқталмаған. Сол себепті көрсетілім уақыты шегерілуі мүмкін.

Басылымның мәлімдеуінше, шара барысында рамасыз экраны мен шыны корпусы бар iPhone 8, iPhone 7s және iPhone 7s Plus таныстырылымы болады.Сонымен қатар, Apple Watch сағаты жаңа моделінің ұсынылуы күтілуде. Ресми емес мәліметтерге сенсек, сағаттың жеке SIM-картасы болады.

The New York Times басылымы жаңа iPhone 8 құны әдеттегіден жоғары болатынын хабарлаған. АҚШ-та бағасы 999 доллар (iPhone 7 Plus 769 доллар) көлемінде болады. Салыстырмалы түрде Samsung Galaxy Note 8 АҚШ-та 1100 доллар тұрады.

Айта кетейік, Apple 10 жылдық мерейтойына арнап тарихындағы ең үлкен iPhone шығарады деген ақпарат расталды. Ал өткен аптада Тим Кук Twitter-де Apple зауыттарының біріне сапарынан суретін жарияланған болатын. Әлеуметтік желінің қолданушылары корпорация басшысының қалтасында iPhone 8 тұр деп болжап жатыр.

Сонымен қатар, 15 маусымда ғаламторда Foxconn зауытынан iPhone 8 құрастырылып жатқан видео жарияланды.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Отбасы – ұлттың тірегі

Қоғам • Бүгін, 08:18

Еріктілік ізгілікке бастайды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Экономика • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар