Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Ақтөбеде 40 отбасы баспаналы болды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі күні құрылысы қазандай қайнап жатқан «Батыс -2» тұрғын-үй ауданы аумағы осыдан 5-6 жыл бұрын құлазыған маң дала болып еді десек бұған ешкім қапелімде сене қоймас еді.


Ақтөбеде 40 отбасы баспаналы болды

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де нақты шындық осындай. Қазір бұл ара алып құрылыс алаңына айналған. Егер өткен жылы облыста 610 мың шары метрден астам тұрғын-үй пайдалануға беріліп, бес мыңнан астам отбасы қоныс тойларын тойлаған болса, соның дені «Батыс-2» -де бой көтерген. Ал өңірде биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің үлесі мен мөлшері бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Қазіргі кезде «Нұр Ақтөбе» тұрғын-үй массивінде көп қабатты тұрғын-үйлер пайдануға беріліп, үй кезегінде тұрғандарға оның кілттері тапсыру дәстүрге айналған. Кеше Конституция күні қарсаңында мұнда тағы да 40 отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Оларға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев су жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Баспанаға ие болғандар бұған тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіне жинаған салымдары арқылы қол жеткізген.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар