Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Жамбыл облысында егін ору науқаны толығымен аяқталды

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында бүгінгі күнде орылуға тиіс 257,8 мың гектар дәнді дақылдардың барлығы сәтті орылып, өңір егін ору науқанын алғашқылардың бірі болып тәмамдады. 

Жамбыл облысында егін ору науқаны толығымен аяқталды

Аймақ бойынша 623,5 мың тонна дән бастырылып, облыстың орташа өнімділігі гектарына 24,1 центнерді құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 2,1 пайызға артық. Осылайша, бидай, арпа және басқа да дәнді дақылдарды жинау науқаны бүгінгі күнге аяқталды.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 630,2 мың гектарды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 42,2 мың гектарға артық болып отыр. Есепті аралықта егін ору науқанын Т.Рысқұлов және Меркі аудандары сәтті аяқтап, нәтижесінде  гектарынан 25 центнерден астам астық өнімі алынды.

Егін ору науқанында көшбасшы аудандардың қатарын Қордай және Шу аудандары толықтырып отыр. Сондай-ақ, егін жинау жұмыстарына облыс бойынша барлығы 911 астық ору комбайндарының 701-і қатысты.

Айта кетерлігі, облыс бойынша астық жинау науқаны бүгінде 100 пайызға орындалды. Ал картоп өнімінің 74,8 мың тоннасы жиналып, қалған 5,6 мың гектарын  жинау жоспарлануда. Картоптың орташа өнімділігі гектарына 223,3 центнерді құрап отыр.

Сонымен бірге, картоп өнімімен қоса майлы дақылдарды және көкөністерді жинау жалғасу үстінде. Алдағы қыркүйек айының соңына дейін жинау жұмыстарын аяқтау мақсатында жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»