Спорт кешенін қайта жаңарту мен жөндеуге 224,13 млн. теңге, ал құрал-саймандарға, тұрмыстық техника, жиһаз және басқа да қажетті жабдықтарға 102,948 млн.теңге қаражат жұмсалған. Спорт кешені бес функционалдық бөлімнен тұрады. Ауданы 470 шаршы метр болатын футбол, волейбол, баскетбол және көркем гимнастикадан жаттығуларға арналған заманауи спорттық құралдармен жабдықталған әмбебап спорт залы бар. Сондай-ақ, алаңы 216 шаршы метр болатын шығыс жекпе-жегі залы, жабық жүзу бассейні, заманауи құралдармен, фитнесс тренажерлермен жабдықталған, ауданы 300 шаршы метр болатын тренажер залы, ауданы 648 шаршы метр резеңке жабыны бар шағын футбол ашық алаңы және жеке шешіну бөлмелері бар.
Әрбір зал санитарлық тораппен жабдықталған, шешіну бөлмелері, душ, бассейн бар. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараты, ресепшн, гардероб, кір жуатын орын, медкабинет, жаттықтырушылар бөлмесі қарастырылған.
-Бұл ауқымды және жарқын спорттық мереке Қазақстан мемлекеті саясатының маңызды басымдықтарын іске асыруға - салауатты өмір салтын насихаттауға, дені сау ұрпақты тәрбиелеу мен бұқаралық спортты дамытуға өз ықпалын тигізеді. Біздің аймақтағы спорт мәдениетін жандандыру жолында атқарып жатқан жұмыстары үшін «Каскор-Транссервис» АҚ акционерлері мен басқармасына алғысымды білдіремін. Спорт кешенінің ашылуы біздің мемлекетіміздің бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту саясатына сәйкес келеді. Қазақстан халқына Жолдауында Н.А. Назарбаев 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тартуға шақырды. Тек салауатты ұлт бәсекеге қабілетті болуы мүмкін, демек, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында кешенді қайта құру өте өзекті, деді Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов кешеннің ашылу салтанатында.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»