Президент • 30 Тамыз, 2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күнімен құттықтады

255 реткөрсетілді

Қымбатты отандастар!
Баршаңызды халқымыз үшін ма­ңы­зы зор мереке – Конституция күнімен құт­тықтаймын! Осыдан 22 жыл бұрын жалпы­ха­лық­тық референдумда қабылданған Ата Заңы­мыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады.
Конституция тәуелсіздігіміздің бе­рік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық дең­гей­дегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды.
Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мыз­ғы­мас­тығын қамтамасыз ету бағытында елі­мізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді.

Конституциямыз Қазақстанның әлем­нің озық 30 елінің қатарына қосы­луы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады.

Барша қазақстандықтарға шын кө­ңіл­ден бейбіт өмір, табыс және құт-бе­реке тілеймін!

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Үйретері көп үйірме

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Медицина музейі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Корей асханасы елордада

Қоғам • Бүгін, 08:55

Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Ұлы есімдер ұлықталады

Руханият • Бүгін, 08:35

Тектілік феномені

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұлық жырдың ұзаны

Руханият • Бүгін, 08:25

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Руханият • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар