Қазақстан • 30 Тамыз, 2017

Сындарлы ой-пікірлерімен есте қалады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» атты 62-ші конференциясының жабылу рәсіміне қатысты және сөз сөйледі. 

 

Сындарлы ой-пікірлерімен  есте қалады

Сенат спикері өз сөзінде Па­гуош конференциясы ашылған сә­тінен бастап өзінің ғылыми идеяларымен, ядролық қарудан азат әлем құру мәселелері жөніндегі аса мазмұнды және сындарлы пікірсайыстарымен танымал екенін атап өтті. Төраға түрлі мем­лекеттердегі азаматтардың, оның ішінде жастардың арасын­да қарусыздану идеяларын кеңі­нен таратуда Пагуош қозға­лысының рөлін жоғары бағалады. 

 «Бұл форумды біздің елде өткізуге сенім білдірілгені жай­дан-жай емес, – деді Қ.Тоқаев. – Бү­гін халықаралық қоғамдастық Ядро­лық сынақтарға қарсы іс-қи­мылдың халықаралық кү­нін атап өтуде. Біздің Па­гуош қозғалысымен жемісті үнқа­ты­суымыз жалғасын табатынына сенімдімін». 
Төраға, сондай-ақ, ядролық қаруға қарсы халықаралық қоз­ғалысқа Қазақстанның жаңа­ша серпін бергеніне де тоқталып өтті. «26 жыл бұрын дәл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жар­лығы­на сәйкес Семей ядролық поли­гоны жабылған болатын. Ол қаруды таратпау және қару­сыз­дану саласындағы жаһан­дық күш-жігерде басты рөл атқарады», – деді Қ.Тоқаев. 

Сөзін аяқтай келіп Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасы бей­біт­шілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін Пагуош қозғалысымен нә­ти­желі байланыстарды жал­ғас­тыра беретініне сенім білдірді. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»