ЭКСПО-2017 • 03 Қыркүйек, 2017

Астанада Гондурас Республикасының ұлттық күні өтті

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Гондурас Республикасының ұлттық күні өтті. 

Астанада Гондурас Республикасының ұлттық күні өтті

Бұл мемлекеті Тынық және Атлант мұхиттары аралығында жолды жақсарта, әуе және жүк тасымалымен, білікті мамандармен Орталық Америкада логистика алаңына айналуда. 
Мерекенің ресми бөлімінде Гондурас Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Долорес Агуэро Лара Мария сөз сөйлеп, елінде жанғыш энергияны қолдануды азайту мәселелерін шешуде үлкен жұмыс атқарылып жатқанын əңгімеледі. Яғни, онда тұтанбалы отынды жаңғырмалы энергия көздеріне алмастыруда. Оның айтуынша, «Болашақ энергиясы» атты көрме тақырыбы жаһанды жылыну және климаттық өзгеріс орын алған заманда елеулі мәселелердің қатарына кіреді. «1992 жылы Риодағы Жер саммитінен бастап климаттық өзгеріс бойынша халықаралық шаралар қолданылуда. 2015 жылы Парижде өткен климат өзгерісі жөніндегі конференцияда адамзаттың атмосфераға парниктік газдардың шығарылымын тұрақтандыру қажеттілігі атап өтілді. Мемлекетімізде парниктік газ шығарылымының үлесі аз, алайда 1996-2015 жылдар аралығында климаттық өзгерістердің жаһандық қауіптері көрсеткіші бойынша еліміз әлем бойынша осал мемлекеттердің қатарында болды. Бүгін, баршамыз, ұлттар мен халықтар бір-бірімізге тәуелділігімізді түсіне, өзімізді және болашақ ұрпақты жарқын әлеммен қамтамасыз ету үшін өзара тиімді әрекеттесуіміз қажет», деді Долорес Агуэро Лара Мария.

Қазақстан тарапынан сөз алған Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алексей Цой өз ЭКСПО-2017 көрмесі екі жақты қатынастың нығаюына мүмкіндік беретіндігін атап өтті. «Қазақстан саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалаларда, сондай-ақ денсаулық сақтау, атап айтқанда, медициналық сақтандыру және туризм салаларында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Қазақстан және Гондурас Республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1995 жылы 28 қарашадан бастап орнады. Гондурастың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы елдеріміз арасындағы екі жақты өзара тиімді ынтымастықтықты нығайтуға мүмкіндік беретініне кәміл сенемін», деді вице-министр.

Мемлекет -- күн энергетика үлесі бойынша әлемдегі жетекші ел. «ЕNEE» энергетикалық компаниясының статистикалық мәліметтері бойынша 2016 жылы онда электр энергиясының 10,2 пайызы фотоэлектрлі күн электр стансаларында өндірілген. Бұл -- әлемдік көрсеткіш бойынша рекордтық нәтиже.

Асхат Райқұл,

 «Егемен Қазақстан» 

Соңғы жаңалықтар