Жаңа білім беру нысандары ең соңғы үлгідегі жаңа технологиялармен, оқу кабинеттерімен, компьютер-кітапханалармен жабдықталған. Сонымен бірге спорт және мәжіліс залдары, мультимедиялық құрал-жабдықтарымен интерактивті тақталар да жаңа мектеп ғимараттарының бәсі мен мәртебесін биіктете түседі. Дәл осындай оқу ғимаратының бірі –Ақтөбе қаласының іргесіндегі Нокин ауылында да бой көтеріп, білім күні есігін айқара ашты.
Жаңа оқу жылында жаңа мектеп үйлерінің пайдалануға берілу рәсімі шалғайдағы Шалқар, Ырғыз, Ойыл және Мұғалжар ауданында да өткізілді. Олардың әрқайсысы 600 оқушыға арналған. Осы орайда елдің шеті мен желдің өтінде орналасқан аудандарда тұрғызылған бүгінгі заманның биік талаптарына толықтай жауап бере алатын білім беру нысандары облыстағы апатты жағдайда тұрған және үш ауысымдық білім беретін мектеперді айта кетудің өзі үлкен мәртебе.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»