Ата заң • Кеше

Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында республикалық референдумның атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, Конституциялық комиссия жұмысы аясында тарихи қателіктерді түзетуге мүмкіндік бар. Депутат қолданыстағы Конституция мәтінінде референдум «республикалық» деп аталып жүргенін еске салды.

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

«Алайда, өздеріңіз білетіндей, референдум тек аса маңызды мәселелер бойынша ғана өткізілуі тиіс. Сондықтан оның атауы кез келген түрде өзгертіле бермеуі керек, ал өткізілуі халықтың бірлігіне сай болуы қажет. Осыған байланысты «республикалық референдум» атауын «халықтық», «ұлттық» немесе «жалпыхалықтық референдум» деп өзгерту ұсынылады», деді Мұрат Әбенов.

Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді

Бұған дейін Ата заңның қай баптары қайта қаралатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар