Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Жоғары технологиялық жабдықтар жайы сөз болды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Сербия Қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Сербия екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

 

Жоғары технологиялық жабдықтар жайы сөз болды

Сондай-ақ, Қазақстанға сапар шеңберінде сербиялық әскери делегация отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, онда әскери өнімдерімен танысты.

Сапардың бірінші нысаны элек­трондық және электрондық оптикалық өнімдер шығаратын «KAE» ЖШС бірлескен кәсіп­орны болды. Зауытта, түнгі көру құ­рылғыларын өндіру және қызмет көрсету, термиялық бейнелеу көз­дері, тұрақтандырылған қашық­тан басқарылатын жауын­гер­лік модульдер және т.б. құрылды.

Одан кейін делегация Орталық Азиядағы заманауи брондалған доңғалақты автокөліктер шығаратын «Қазақстан Парамонт Инжиниринг» ЖШС-нің зауытында болды. Онда олар кәсіпорынның инновациялық тех­но­логиясымен танысып, минадан қорғайтын күшейтілген бронь­ды машиналар шығару жайын зер­деледі. Кәсіпорынның жоғары техно­логиялық жабдықтары жұмыстың толық циклін жүзеге асыруға мүм­кін­дік береді. Қорғаныс-өнеркәсіп кеше­нінің әскери өнімдері мен басқа да кә­сіп­орындарының тұсаукесерлері болды.

Ұлттық ғарыш орталығында серб тарапына «КazEOSat» Жерді қа­шық­тықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы, дәлдігі жоғары спутниктік нави­­гация жүйесі көрсетілді. Салма­ғы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі әртүр­лі мақсаттағы спутниктер жасау, сондай-ақ ғарыш аппа­рат­тарына арналған және тәжірибелік өндірісі бар арнаулы конструк­торлық-тех­нологиялық бюро үшін жиынтық­тау­ыштар жасау жос­парланған ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау ке­шенінің құры­лысы барысымен танысты.