Осыдан 13 жыл бұрын дәулескер күйші, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің өмірден өткені өзімізге белгілі. Енді, міне, араға бір мүшел салып композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткердің мүсіні оңтүстік астананың қақ ортасынан қасқайып орын алды.
Алматыдағы Фурманов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысына қойылған ескерткіш шабытты сазгердің өз мінезінен құйылғандай, сәтті шыққандығымен халықты қуантып тұр.
Ескерткіштің авторы Мейірман Әзмағанбетовтың айтуынша, мүсін екі ай ішінде жасалған. «Мен ұлы тұлғаның талантына табынушылардың бірімін. Сондықтан, мүсінді ерекше бір шабытпен, бар ықыласыммен жасадым», – дейді ол.
Ескерткіште дарынды тұлғаның сахнада шабыты шалқып тұрған сәті бейнеленген.
Еңселі ескерткішке қарап тұрып қазақтың біртуар өнерпазы Қанабек Байсейітовтің: «Нұрғисаның тұла бойы толған дыбыс қой, оның денесінен бір жапырақ етті үзіп алып, лақтырып тастасаң, ол екеш оған дейін бүлкілдеп, өлең айтып жатады» дегені еске түседі.
Ескерткіштің ашылу салтанатында қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер шеберлері, сонымен қатар, композитордың шәкірттері мен туған-туыстары болды. Жиналған жұртшылық алдында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ұлы сазгердің ұлттық музыкаға сіңірген еңбегін саралап өтті.
– Нұрғиса Тілендиев қазақ күйлері мен әндерінің дамуына үлес қосқан өнер иесі ғана емес, ол өнердің әлемдік теориясын және тарихын терең зерттеген тұлға. Сондықтан да, оның шығармаларында ұлттық әуендер мен классикалық музыка жақсы үйлесім тапқан. Оның музыкалық туындыларына көптеген шетелдік мамандар таңдай қағатын. Нұрғиса Тілендиевтің мұраларын сөзбен өлшеп, санау мүмкін емес. Ол қазақ музыкасын биік деңгейге көтерді, – деді.
Шығармашылық ғұмырында 500-ден астам музыкалық төл туындыларды тудырған Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева да көп алдына шығып:
– Дирижерлік етіп тұрғанда Нұрғиса ерекше рухтанып кететін. Мүсінде сол рух қатты байқалады. Ескерткіш көңілімнен шықты, – деп ағынан жарылды.
Бір айта кететін жайт, өткен жылдары көп қырлы, алуан сырлы аста- төк дарынға Тараз және Талдықорған қалаларында ескерткіш орнатылғанын айта кетсек дейміз.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
Суретті түсірген Айтжан САЛЫҚҰЛЫ.

Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43