Кәсіпқой бокс • 05 Қыркүйек, 2017

Боксшы Қанат Исламның жекпе-жекте киетін киімі таныстырылды

1153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның ЭКСПО аясында өтетін кезекті жекпе-жегінде рингке киіп шығатын киім үлгісі таныстырылды. 

Боксшы Қанат Исламның жекпе-жекте киетін киімі таныстырылды

Жаңа киім үлгісі боксшының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Киім аспан көк түсте болып, оған алтын түсте боксшының лақап аты «QAZAQ» деп жазылған.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні ЭКСПО-2017 аясында «Сарыарқа» велотрегінің алаңында бокс кеші өтеді. Жеңіліп көрмеген қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың айқасы - басты оқиға болады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.