Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Астанада өзбек этно-мәдени орталығы 10 жылдығын атап өтті

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айтулы күнді тойлау барысында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Астана қаласының өзбек этно-мәдени орталығының 10 жылдығы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы мен келешегі» мерекеге серпін берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада өзбек этно-мәдени орталығы 10 жылдығын атап өтті

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен елшілік өкілдері, ҚХА мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, Астана қаласының этно-мәдени қоғамдық ұйымдарының басшылары қатысты.

Қатысушылар мәдениаралық диалогтың қазақстандық моделінің дамығанын көрсету, Қазақстанда тұратын этностардың салт-дәстүрлері мен мәдени әдет-ғұрыптарын құрметтеу және қызығушылық қалыптастыру – бұл шараның басты мақсаты, дейді.

-Мәдени орталық мүшелерінің санын көбейту және мүмкіндіктерін нығайту, шығармашылық ұжымдарды дамыту – осындай жетістіктермен өзбек этно-мәдени бірлестігі өзінің он жылдығына жетті, - деп атап өтті Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариат меңгерушісі Ләззат Құсайынова. 

Белсенділер еңбегі алғыс хаттармен марапатталды.

Кеш орталық қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынумен жалғасты. Олар қызықты да көңілді концерт тамашалады. Мереке соңы марапаттау рәсімімен аяқталды.

Айта кету керек, мерекелік шара Астана қаласының әкімдігінің, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының елшіліктерінің қолдауымен өткізілді және халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде Өзбекстан Республикасы күндерінің өтуіне арналған.

Соңғы жаңалықтар