19 Қазан, 2011

Жаңа…

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...обелиск  орнатылды Қостанай қаласындағы ма­ман­дандырылған №2 өрт сөн­ді­ру бөлімшесінде қызыл жалын­ды ауыздықтау кезінде қаза тап­қан үш өрт сөндірушінің ру­хы­на арналған обелиск ашылды. Оның ашылуына Төтенше жағ­дай­лар министрінің орынба­са­ры, генерал-майор Валерий Петров келіп қатысты. Биіктігі 2 метр, ені 60 сантиметр қара граниттің бетіне «Қыз­меттік міндеттерін орын­дау барысында қаза болған өрт сөндірушілерге арналады» деп жазылған. 2001 жылы 9 наурыз­да Қостанай қаласындағы тұр­ғын үйден шыққан өртті сөн­ді­ру үстінде кіші сержант Талғат Жантасов, 2005 жылғы 17 жел­тоқсанда Қостанай ауданының Октябрь ауылындағы ағаш өң­деу цехында болған өртте кіші сержанттар Сәбит Нұрбаев пен Ринат Ашубаев мерт болған еді. Обелискінің ашылуына олар­дың туған-туыстары, қызмет­тес­тері, жолдастары да қатысты. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.   ...тіл байытудың қорытындысы шықты Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесі қарсаңында Қызылор­да облыстық тілдерді дамыту бас­қармасының ұйымдастыруы­мен «Тіл – халық жанын та­ну­дың кілті» атты облыстық бай­қау өт­кі­зілді. Айта кетерлігі, бай­қау өзге ұлт өкілдерінің ара­сында өтті. Қазақ тілінен сайысқа түс­кен жастардың арасынан суы­ры­лып шыққан Кирилл Денисов бірінші орынды жеңіп алды. Тереңөзек кентінің түлегі қазақ тілін өзінің туған тілінен кем білмейді екен. Ал екінші орын Сырдария ауда­ны­ның тұрғыны Кристина Поля­кованың еншісіне бұйырды. Үшін­ші жүлделі орынды қызыл­ор­далық Елена Федотова иеленді. Сайыс соңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Бексұлтан Жұмабеков байқауға қатысушыларды ар­найы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда.   ...жылу беру  маусымы басталды «Күз жетті ме, батыр-ау, неге тоңдым?..» дегендей, оңтүс­тік­тің түні кәдімгідей салқындай бас­та­ды. Осыған байланысты Та­раз қа­ласының әкімі Бекболат Орын­бе­ковтің шешімімен кеше, яғни 18 маусым күні облыс ор­та­лығын­да­ғы көп қабатты тұр­ғын үйлерге жылу беру мау­сы­мы басталды. Ол үшін «Таразқуатор­та­лы­ғы», «Таразтрансқуат», «Жам­был жылу», «Темір жол жылу», Батуров атындағы ГРЭС, «Қант» АҚ және «София» ЖШС басшылары жылумен қам­тамасыз ету жүйе­лерін қысқы жұмыс жағдайына ауыстырып, тұрғын үйлерді жы­лу­мен тұрақты түрде қамтамасыз етуге тапсырма алды. Қыс ай­ла­рын­дағы жылу беру жұмыс­тары­ның дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отыру қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аумақ­тық округтердің бас инспек­тор­ла­ры­на тапсырылды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Тараз.