Әлем • 06 Қыркүйек, 2017

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын қарпіне көшу жөнінде жариялаған болатын. Президенттің бұл қадамын түркі әлемі жылы қарсы алды. Соның нәтижесі шығар, таяуда Түркияның Daily Sabah басылымында «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері» атты мақала жарық көрді. Соны ықшамдап оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері

Мақала авторы әуелі Қазақ­стан жөнінде жан-жақты ақ­парат бере келе, латын әліп­биіне көшу мәселесі қалай туын­­­­­да­ға­нына тоқ­та­лады. Оның пікірінше, жаңа қаріпке көшу Қазақ­станның саяси бағытының бір құралы.

«Орталық Азия мем­лекет­терінде орыс тілі ортақ қатынас құралы ретінде қалыптасса да, жаңа мыңжылдықта олардың бі­разы латын әліпбиіне ауыса­ бас­­тады. Назарбаевтың он жыл­­дай бұрын жаңа әліпбиге кө­шу жөнінде айтқан пікірі Қазақ­станда қызу талқыға түсті. Қазақ­тардың көшбасшысы саяси, эко­номикалық және мәдени жағ­дайлар бір араға тоғысқанда мұн­­­дай қадамға баратыны жө­нінде мәлімдеген-ді. Сәуірде Н.Назарбаев әліпбиді ауыстыру жө­ніндегі ұсынысын «Егемен Қа­зақстан» газетінде жариялады», – дейді Daily Sabah.

Басылымның жазғанына сү­йен­сек, жаңа әліпбиге көшу қа­зақи жаңа болмыстың мәдени және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. 
«Назарбаев 2025 жылға қарай латын әліпбиін бүкіл ресми құ­жаттарда, кітаптарда, басылым беттерінде, медиа және басқа салаларда қолдануға пәрмен етті. Қазақстан билігі осы жылдың соңына таман 42 әріптік кирилл әліпбиін латынға ауысты­ру реформасына кіріседі. Ел билігі 1940 жылы кирилл қар­піне көшу қазақ ұлтының болмысына сына қақты деп есептейді. Сондықтан, қолданыстағы әліп­­биден бас тарту қазақи жа­ңа бол­мыстың мәдени және әлеу­меттік қажеттіліктеріне сай келеді»,  деп хабарлайды мақала авторы.

Daily Sabah Елбасы Н.Назарбаев­тың латын қарпіне көшу жөніндегі шешімін Мұста­фа Кемал Ататүріктің әрекетімен салыстырады. «Түріктердің атасы» Түркия Республикасы құрылғанда елдегі әліпбиді ла­тынға көшіру жөнінде қарар қабылдағаны тарихтан мәлім. Одан әрі мақалада латын әліп­биінің түркі халықтарына әсері жөнінде өрбіген. Daily Sabah Н.Назарбаевты түркі әлеміндегі дана көсем ретінде сипаттай келе, оны «Көшпелілердің ұр­пақтарын» біріктіруге күш сал­ғанын айтады. 

«Назарбаев «Түркі тілді мемлекеттер саммиті» секілді түркі елдерінің бірнеше кездесуіне бастама жасады. Бастапқыда сам­мит қалаған нәтижеге қол жеткіз­бесе де, 2009 жылы Түркі кеңесі­нің құрылуына ұйытқы болды. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғыз­стан және Түркия бас­тамасы­мен құрылған Кеңес түр­кі халық­тарының символына айналды. Саяси және эко­номикалық ұйымның орнына, Түркі кеңесіне мүше елдер арасында мәдени, білім және байланысты нығайтуға күш салынады», – деп мәлімдейді Daily Sabah. 

Басылымның пікірінше, Қа­зақ­станның латын әліпбиіне көшу жөніндегі шешімі Түркі кеңесінің қызметіне сай келеді. 

«Қазақстанның Орталық Азия­­дағы маңызын, түркі тіл­де­­рін ресми және бейресми түр­де латын қарпіне ауыстыру «Түркі жаһандануы» деп ата­­латын үдерісті бастайды. Бұл термин түркі халықтарына ортақ тіл қалыптастырып, түр­лі әліпби кедергісін жоюға кө­мектеседі.