ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күні өтті

95 реткөрсетілді

ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктері ұлттық күнін өткізді. Енді жаһандық көрме 2020 жылы Дубайда өтеді. Сондықтан арабтар өздерінің Астанадағы халықаралық шараға қатысуын сол айтулы күнге дайындықтың басы деп есептейді.

Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен ашқан Қазақстанның Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысуы үлкен маңызға ие екенін жеткізді. Оның айтуынша, соңғы жылдары екі ел басшыларының ерік-жігерінің арқасында  сауда-экономикалық бағытттағы өзара ынтымақтастық қарқынды дамыған. Соның бір дәлелі– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қаңтар айында Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары. 

Бүгінде сауда саласында БАЭ араб түбегіндегі елдер арасында бірінші орынға шығып, былтыр тауар айналымы 3,5 есеге артып, 380 млн АҚШ долларын құрапты. Инвестиция саласында да тұрақты өсім байқалып, соңғы 12 жылда Біріккен Араб Әмірліктерінің елімізге салған тікелей инвестицияларының көлемі 2 млрд АҚШ долларына жеткен. Ал Қазақстаннан БАӘ экономикасына құйылған инвестициялардың көлемі шамамен 1 млрд долларды құрайды. Қазіргі күні елімізде Әмірлік капиталының қатысуымен 190-нан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Сондай-ақ, вице-министр «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру барысында Дубайдың дәл осындай орталығын ашу тәжірибесі айтарлықтай септігін тигізгенін атап өтті. «Енді «Астана» қаржы орталығы инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашады, БАЭ азаматтарының визасыз режимі де барлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етері сөзсіз», дейді Т.Тоқтабаев.

Ал Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық медиа кеңсесінің бас директоры Мансур әл-Мансури бүгінгі ұлттық күн – екі ел арасындағы 25 жыл бойы жалғасып келе жатқан әріптестік пен ынтымақтастықты білдіретін ерекше мереке екенін атап өтті.

–Астанадағы ЭКСПО көрмесі энергияның экологиялық таза түрлерін пайдалану әлем экономикасы үшін аса маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.  Жаһандық көрменің тақырыбы Біріккен Араб Әмірліктерінің таза энергияны пайдалану стратегиясына толығымен сәйкес келеді, дейді ол.

Жүрекжарды лебіздерден кейін осы елдің салт-дәстүрін айшықтайтын әуендер шырқалып, ұлттық билері көрермен қауымға ұсынылды.

Жалпы Әмірліктер – араб мемлекеттері арасынан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаған алғашқы мемлекет. Олардың елордада тіккен павильоны да көрме алаңындағы ең ірілердің бірі. Көрме жұмысы басталғалы павильонға 500 мыңнан астам адам келіпті. Мұнда баламалы энергия көздерін өндіретін ең озық технологиялар қойылған. Бұған қоса, әр келуші 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне және Марс ғаламшарына виртуалды түрде саяхат жасай алады. «2020 жылы біз де осындай ірі жаһандық шараны қолға алғалы отырмыз. Оған кемі 25 млн адам келеді деген үмітіміз бар. 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтетін халықаралық көрмеге дайындық қазірден басталып кетті. Ал Астана көрмесі сол айтулы шараға деген тәжірибемізді шыңдай түсті», дейді Әмірлік өкілдері.

Қымбат Тоқтамұрат,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар