Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017

Қазақстан мен Франция парламентшілері кездесті

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Дархан Кәлетаев Франция Сенаты Экономика мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Жан-Клод Ленуармен кездесті. 

Қазақстан мен Франция парламентшілері кездесті

Д. Кәлетаев біздің елімізге деген ықыласына орай француз депутаттарына алғыс айта келіп, Францияның Ұлттық жиналысы мен Сенатындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының маңызды рөлін атап өтті. Меймандар Қазақстан Парламентіндегі жоғарғы палатаның қызметі мен  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырудың негізгі бағыттары туралы хабардар етілді.

Д. Кәлетаев Францияның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуына орай ризашылығын білдірді және келешекте көрме павильондарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Жасыл» технологияларды дамыту және инвестициялық жобалар орталығы мен Жаңа технологиялар паркі құрылатыны туралы әңгімеледі.

Ж.-К. Ленуар халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі мен оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенді қызметін жоғары бағалады. Француз сенаторы Қазақстанмен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге өз елінің мүдделі екенін нақтылады және бұл үрдісте парламентаралық үнқатысу ерекше орын алатынын атап өтті.

Әңгіме барысында саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстармен бірге екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, сондай-ақ ғарыш кеңістігін игеру жөніндегі бірлескен жобалар талқыланды.

Кездесуге Сенат депутаты Талғат Мұсабаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024