Спорт • 07 Қыркүйек, 2017

Саңлақтарға сый-сияпат жасалды

324 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионатында бар қарсыласын жапырып өтіп, финалға жетіп, атағы алты құр­лыққа асқан әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен тең дәрежеде айқасып, күміс жүлде олжалаған Қамшыбек Қоңқабаев Қызыл­ордасына келді. Халық батыр ұлын әуе­жайдан патшадай күтіп алды. Құрмет-қошеметін аямай, алақанында аялай ұстады. 

 

Саңлақтарға сый-сияпат жасалды

Айтпақшы, өткен айда Қы­тайдың Тайпэй қала­сында ХХІХ Бүкіл­әлемдік жазғы универсиада өткен. Осы жарыста біз­дің зілтемірші Рүстем Сыбай екінші орын алған еді. Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген қос ұланды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы қабылдады. Екі жігітке елдің ықыласын жеткізген аймақ басшысы «алдағы жарыстарыңда күмістерің алтынға айналсын» деп тілек біл­дір­ді. Сонымен қа­тар, қос спортшының да бола­шақ­та алтын алатынына, ел намысын абыроймен қорғайтынына сенетінін айтты. 

– Енді құрмет пен қошемет, мақтау мен ма­рапат көбейеді. Әрине, елдің ықыласын шектеу қоя алмайсың. Бі­рақ соған малдануға, бол­дым-толдым деу­ге болмайды. Алтын уақыт­та­рыңды зая ке­тіріп ала­­­сыңдар. Сол себепті дай­ын­­дықтарыңды одан сайын үдетіп, алдағы Олим­­­пиадада топ жаруға күш са­лың­дар, – деп аға­­лық ақылын айт­ты Қы­рымбек Елеуұлы.

Жиын соңында облыс әкі­мі Қамшыбек Қоң­қа­баевқа авто­көліктің, Рүстем Сыбайға 2 мил­лион теңгенің, ал олардың бап­керлеріне 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.

– Еңбексіз жеңіс те болмайды. Қос спорт­шының жүл­десі жас­тардың жігерін жанып, жаңа биіктерге же­те­лейді. Көптеген жас­өс­пірімдер спортқа қы­зы­ғатын болады. Сіз­дер біздің елі­міздің ха­лық­­аралық спорттағы мәр­тебесінің жоғары екен­­­дігін дәлелдеп, жат­­тық­­тырушылар мен жан­­күйер­лердің ға­на емес, барша қазақ­стан­дықтардың үмі­тін ақ­тадыңыздар, – деді Қы­­рымбек Елеуұлы.

Қос спортшымен сөй­лестік. Қамшыбектен «Мед­жидовпен жұды­рық­тасар сәтте көңіліңде бір үрей болған жоқ па?», – деп сұрадық.
– Жоқ, ешқандай қор­қы­ныш та, үрей де болған жоқ. Қар­сы­ласымнан ығатын болсам, он­да не­сіне бокспен шұғыл­да­нып жүрмін? Тек ел үмітін ақ­тай алмай қа­ла­мын ба, алтын жүл­деге қол жеткізе ала­мын ба, деген уайым ғана болды. Жал­пы, жа­рысқа тыңғылықты дайын­­дық­пен бардық. Со­ның арқасында осындай жетістікке жеттік, – дейді ол. Токио Олим­пиа­да­сында Қоңқабаев 28 жас­қа келеді екен. Соны да сұрадық. «Аса ауыр салмақтағы спортшылар басқаларға қарағанда ұзақ пісіп-жетіледі. Мен өзімді енді пісіп, бабыма келіп жатырмын деп ойлаймын. Бұйыртса, екі Олимпиадаға қа­тысамын», – деп жауап қатты.

Мынадай қызық жайтты біл­­дік. Әлем чем­пио­наты­ның фи­налының алдында Қам­шы­бек­тің бапкері Ғалымжан Бай­­ғұн­диевке Қырымбек Кө­шербаев телефон ша­лыпты. «Қамшыбек қарсыласының қатты соқ­қысына тап болма­сын. Оңға-солға қа­шып, ойнап жүріп бокстас­сын. Бір орнында тұ­рып қалмасын», – деп кеңес айтыпты. Бұрын өзі боксшы болған Қы­рымбек Елеу­ұлының жанашырлық сөзін Ға­лымжан бапкер фи­нал­­дың алдында Қам­шы­бекке жеткізіпті. Со­лайша, Қоңқабаев елде өзі үшін тақым қысып отырған миллиондаған адамның барын сезініп, шаршы алаңға шығыпты.
Рүстем Сыбай Бүкіл­әлемдік Универсиадаға алтын алу үшін барғанын айтады. «Дайындығым да, бабым да келісіп тұр еді. Жаттығу кезінде бе­­­лімді ауыртып алдым. Соның салдары­нан бір килоға кем көте­ріп, алтынға іліге алмай қалдым. Алда жарыс көп. Басты мақсат – То­­кио Олимпиадасы. Қам­шыбек екеуміз қа­тар топ жарамыз деген сенім­демін», – дейді зіл­темірші. 

Жыл басынан бері Қызылорда облысының спортшылары ел бірін­шіліктерінде 563 медаль жеңіп алса, Азия, әлем чемпио­нат­тарында 53 медаль иеленді. Еліміздің ұлттық құрама командаларына аймақтан 420 спортшы енген.

ҚЫЗЫЛОРДА