Әдебиет • 08 Қыркүйек, 2017

Жаңа заман драматургиясы

1374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі қазақ театрының жай-күйі туралы сөз бола қалса, ең алдымен айтылатын дүние жақсы пьеса тапшылығы. Бізде драматургтер жоқ емес, бірақ театртанушы Амангелді Мұқанның айтуынша жасы жетпістен асқан драматургтеріміз бүгінгі қазақ болмысы, заман келбетін жаңа ғасырға лайық жаза алмай келеді. Ескі сүрлеуден шыққысы келетін театрлар үшін соқпақта қалып қойған драматургтердің пьесалары жарамсыз көрінеді. Енді не істеу керек?

Жаңа заман драматургиясы

Алматыда туған, қазір Мәс­кеуде тұратын драматург Олжас Жанайдаровтың пье­салары халықаралық фести­валь­дарда жүлде алып, Ресейдің бірнеше қаласында, Қазақстанның театрларында қойылып жүр. Атамекеніне келген кезде, мұндағы театр­лардың, драматургияның халі­мен танысқан Олжас, енді қыр­күйек-қазан айларында Те­мірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының қабырғасында драматургияның лабораториясымен жас қалам­гер­лерді таныстырмақ. Екі айға созылатын жұмыстың аясында пьеса жазуды үйрену, оның теориясын оқу, жазу жә­не актерлерге рөлдер бойынша оқыту кіреді. Лермонтов атын­дағы мемлекеттік орыс дра­­ма театрының актерлері қа­зан айының соңында жазыл­ған пьесаларды оқитын болады. Олжастың курсында қазір он үшін жас драматург бар. Тағы жеті жас қаламгер – еркін қатысушылар. Ұлттық өнер академисының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың айтуынша, бұл шараның жас қаламгерлерге берері мол. Бұл ең алдымен тәжірбие мен білім жинауға көп ықпал етеді. «ВТ» театрының директоры Айгүл Сұлтанбекова былтырдан бері Олжас Жанайдаровтың осы идеясын жүзеге асыру үшін еңбектеніп келеді. 

Екі ай бойы жалғасатын игілікті шараның жемісті бо­луы­н тілейміз. Мұндай игі бастамалар бір жылмен ғана шектел­мей, жас драматургтердің өсуі­не ықпал ете береді деп ойлаймыз. 

Бағашар Тұрсынбайұлы,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ