Ұлттық спорт • 08 Қыркүйек, 2017

Әлем барысы ‒ 2017. Ержан Шынкеев қола жүлдегер

41 реткөрсетілді

Ержан Шынкеев Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінің қола белбеуге қол жеткізді. 

Ержан Шынкеев пен Серік Бердімұрат арасында өткен тартысты бәсекеде қазақстандық балуанның асығы алшысынан түсті. Екі балуан бір-бірін ала алмай ұзақ белдесті. Әдісі мен тәсілі артық шыққан қарағандылық спортшы қарсыласынан айласын асырып, ұпай санымен жеңіске жетті. Айта кету керек, үшінші орын алған балуанға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Шынкеев «Қазақстан Барысы ‒ 2013» турнирінің және биылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері. Ал моңғолиялық Серік Бердімұрат 2014 жылы өткен «Еуразия Барысы» бәсекесінің чемпионы. Сондай-ақ, Моңғолиядағы «Лашын» халықаралық турнирінің жеңімпазы. 

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар