Медицина • Бүгін, 16:03

28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурыз күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталығында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл күні медициналық мекемелер келушілерді тегін тексереді, деп жазады Egemen.kz.

28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды

Фото: egemen.kz/Қырмызы Жұмағалиқызы

Денсаулық сақтау министрлігі іс-шара онкологиялық сырқаттану мен өлімді төмендету, сондай-ақ халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын хабарлады. 

Бірыңғай ашық есік күні онколог дәрігерлер азаматтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз және алдын ала жазылмағандарды да тегін қабылдайды.

Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған қоспа әзірлеп жатыр

Ашық есік күнінде онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы бойынша консультация беріліп, аурудың алғашқы белгілері түсіндіріледі. Сондай-ақ диагностика мен емдеудің заманауи әдістері туралы ақпарат ұсынылады.

Медициналық тексеруден өтуге ниетті барлық келушілер өзімен бірге жеке куәлік пен бар болған жағдайда бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар) алып баруы тиіс. 

Дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен онкологиялық ауруларды ерте анықтап жатыр

 

Соңғы жаңалықтар