Елбасы ИЫҰ саммитінің пленарлық отырысына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.

Егемен Қазақстан
10.09.2017 1138
2

Мемлекет басшысы жиынды ашып, бүгінгі басқосу ислам тарихында ерекше із қалдыратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ислам әлемімен қарым-қатынасы ежелгі заманнан тамыр тартатынын айтты.

– Біздің байтақ даламызға Ислам діні бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын келді. Еліміз ислам мен батыс өркениеттері арасындағы достық диалогқа дәнекер болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мұсылман үмбеті бетпе-бет келіп отырған қазіргі сын-қатерлерге тоқталды.

– Біріншіден, экстремистік және террористік ұйымдар кеңінен етек алуда. Олардың лаңкестік әрекеттерінің нәтижесінде, бірінші кезекте мұсылман әлемі елдерінің азаматтары зардап шегіп отыр. Екіншіден, исламофобиялық пікір қоғам ішінде кең таралуда. Батыс елдерінде мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттер жыл сайын көбейіп келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Мьянмада болған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, барлық тарапты бұл проблеманы БҰҰ алаңындағы диалог аясында тек бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Мемлекет басшысы үшінші мәселе ретінде 1,5 миллиардтан астам адамды біріктіретін ислам әлеміндегі ауызбіршіліктің болмай отырғанын атап өтті.

– Төртіншіден, әлемнің өзге өңірлері қарқынды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдері көш соңында қалуда. Кейбір сыншылар ислам дүниесінің артта қалуы діннің өзімен байланысты деп санайды. Алайда, бұл ақиқатқа мүлде жанаспайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беру үшін күш біріктіруіміз қажет екенін атап өтіп, ортақ ғылыми-инновациялық қор құруды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдеріндегі ғалымдардың ізденістеріне қолдау көрсетудің маңыздылығына назар аударып, ұйым аясында ғылым мен технологияларды дамытуға қосқан үлес үшін сыйлық тағайындау туралы шешім қабылданғанын айтты.

– Инновациялық кластерлер ғылымды қамтитын орнықты экономиканы қалыптастырудың негізі болып саналады. Қазақстан осындай кластерлерді Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында белсенді дамытуда. Ислам ынтымақтастығы ұйымының барлық елдерінің ғалымдары мен зерттеушілерін осы жұмыстарға белсенді атсалысуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ғылым мен инновацияны исламдық қаржыландырудың рөлін арттыру маңызды екенін атап өтті.

– Біз «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Енді оның аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Сіздерді ислам қаржысы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға шақырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жасыл технологияларды дамыту мәселесіне тоқталып, жасыл технология мен инвестицияны дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың әлеуетін тиімді пайдалануды ұсынды.

– Біздің елдеріміз үшін аграрлық саладағы ынтымақтастық аса маңызды. Бәріміз бірлесіп аграрлық ғылымды дамытып, жаңа технологияларды енгізуіміз керек. Бұл тек ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға емес, бұдан да тығыз интеграция мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ислам әлеміндегі маңызды экономикалық мәселелерді шешу үшін Ислам ұйымының жетекші 15 мемлекетін біріктіретін бейресми қоғамдастық құруды ұсынды.

Мемлекет басшысы алдыңғы қатарлы Батыс елдерімен ғылым және технологияларды дамыту мәселелері бойынша байланыстар орнату қажет екенін атап өтті.

– Біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда дінаралық келісімді сақтаудың қазақстандық тәжірибесін бөлісуге әзірміз. Сондай-ақ, бәріңізді 2018 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезіне шақырамын, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыста және ислам әлемі елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға шақырды.

– Сөз соңында, ұрпақтарымыз ислам әлемінің бірлігіне, ынтымақтастығы мен болашағына арналған бүгінгі тарихи форумға жоғары баға береді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, саммиттің пленарлық отырысында Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоған, Пәкістан Ислам Республикасының Президенті М.Хусейн, Мавритания Ислам Республикасының Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзиз, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, Гвинея Президенті А.Конде, Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Рухани, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин сөз сөйледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Үкіметте көлік пен логистиканы цифрландыру мәселесі қаралды

23.10.2018

«Алтай» әлем чемпионатына қатысады

23.10.2018

Петропавлда қонақ үй және мейрамхана кешені тұрғызылды

23.10.2018

«Барыс» Минскінің «Динамосын» ұтты

23.10.2018

«Брексит» келісімі 95%-ке дайын

23.10.2018

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды

23.10.2018

Нұрислам Санаев күміс алды

23.10.2018

Жекелей инвестиция тарту тапсырылды

23.10.2018

Ел чемпионатында Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды

23.10.2018

Студенттерге медиацияны меңгеру маңызды

23.10.2018

Орталық Азиядағы инвестицияның 70%-і Қазақстанға тиесілі

23.10.2018

Буэнос-Айрестегі (Аргентина) үшінші жасөспірімдер Олимпиадасынан спортшыларымыз оралды

23.10.2018

АҚШ колледждерінің бірінде робот сабақ бере бастады

23.10.2018

Қарағанды – IT кеңістіктің бастау алаңы

23.10.2018

Аграрлық сектордың әлеуеті қайтсе артады?

23.10.2018

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

23.10.2018

Қазақстан қоржынында – 10 медаль

23.10.2018

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

23.10.2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

23.10.2018

Хәлің қалай, халық театры?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу