Президент • 10 Қыркүйек, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Гвинея-Бисау Республикасының Президентімен кездесті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Гвинея Республикасының Президенті Альфа Кондемен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Гвинея-Бисау Республикасының Президентімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті бүкіл ислам әлемі үшін маңызды екенін атап өтті.

– Өкінішке қарай, біздің елдеріміз арасында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнамаған. Біз осы бағытты дамыта түсуіміз қажет. Сіздің Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті екеніңізді білемін және оған қуаныштымыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Гвинея Республикасының Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін айтты.