ЭКСПО-2017 • 10 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017. Көрме 03:00-де жабылады

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас-аяғы 93 күнге созылған ЭКСПО көрмесі бүгін ресми түрде жабылады. Дәл қазіргі уақытта көрме алаңында салтанатты жабылуы өтіп жатыр.

ЭКСПО-2017. Көрме 03:00-де жабылады

Фото: Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Сағат 19:20-19:50 аралығында күнделікті шеру, ал 20:00-21:00 уақыты аралығында көрменің жабылу салтанатының ресми бөлігі өтеді. Сағат 21:25-те МузАРТ, Майра Мұхамедқызы, Жәмилә Серкебаева, Лада Қысықова секілді елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт басталады.

Ал сағат 21:15-21:23 аралығында меймандар мерекелік отшашуды тамашалауына мүмкіндік болады.

Айта кетейік, 18:30 уақытында көрмеге кіру үшін берілетін билеттердің сатылымы 22:00 уақытына дейін тоқтатылды. 22:00-де көрменің солтүстік және оңтүстіктегі кіреберістері ашылады. Ол есіктер 02:30-ға дейін ашық болады. Осы уақыт аралығында халықаралық павильондар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады.

Көрме 11 қыркүйек күні сағат 03:00 кезінде толығымен жабылады.