Мысалы, «Әбу Ханифа» қоры облыстық ардагерлер ұйымы, «Ауыл» партиясының облыстық филиалы бірлесіп рухани шараға үлес қосуда. Мақсат – өңірдегі шежірелі сакралды жерлерімен жастарды таныстыру, оның қасиеті мен киелілігі, өңір тарихы мен руханиятында алатын орны туралы насихаттау, болашақта бұл орындарды ішкі туризм насандары ретінде жобаға енгізу ісіне үлес қосу.
Осы мақсат үдесінде жолға шыққан Тито Сыздық, Әбілхақ Түгелбай, Сапарғали Байболат, Идаят Әбдіхалық, Амантай Мұқантай, Бекен Сағындықұлы, Абылай Өкеш, Ермат Байғұрман бастаған зиялылар тобы Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Ертіс ауданындағы Таймас әулие кесенесі, Ақкөл-Жайылмадағы Мұрат ишан, Исабек ишан, Жандарбек қожаның әулеттік кесенесінде және Май ауданы жеріндегі Ақбалы хазірет, Хайса ата кесенесінде барып зиярат жасады. Ақшиман ауылы Қалмаққырған тауына барды. Ақсақалдармен бірге бұл жолсапарларға тарихшы, әдебиетші ғалымдар, жастар да еріп бірге жүрді.
«Бабаларымыздың рухтары мәңгі, оларға уақыттың әмірі жүрмейді. Ал біздің мақсатымыз тарихымызды терең зерттеп, түгендеу. Тарихты түгендеу – болашақтың мәңгі болуын қолдайды», дейді облыс бойынша өкіл имам Нариман Исен.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар