Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Кениялық спортшы Астанада өтетін марафонда жеке рекорд орнатпақшы

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қыркүйек Астанада жыл сайынғы Astana Marathon 2017 марафон өтеді.

 

Кениялық спортшы Астанада өтетін марафонда жеке рекорд орнатпақшы

Astana Marathon 2017 қатысушыларына 42.2 км, 21.1км қашықтығына 18 жастан жоғары, 10 шақырымдық эстафеталық марафонға 16 жастан жоғары және скандинавиялық жүру ұсынылады.

Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com. сайтында онлайн тіркеуден өту керек. Бұған қоса, онлайн өтініштерді қабылдауда дэдлайн орнатылған: 42.2 шақырым және 21.1 шақырымға – 11 қыркүйекке дейі, 10 шақырымға – 14 қыркүйекке дейін. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.

Бүгінде 42,2 шақырым қашықтыққа 485 адам, 21,1 шақырымға 755 адам, 10 шақырымға 3143 қатысушы тіркелді. Марафонға Қазақстанның 22 қаласынан қатысушы тіркелді, сондай-ақ 19 шет елден (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Италия, Кипр, Қытай, Ресей және т.б.) қатысушылар да бар.

10 шақырым қашықтыққа жүгіруге қатысу үшін ақы – 4000 теңге, қалған екі қашықтық бойынша 8000 теңге.

Марафоншылар сағат 06.00-ден бастап жиналу керек, жүгіру сағат 07.00-де басталады. Жиналу орны: Тұрар Рысқұлов көшесі, Түркістан 2 көшесінің қиылысы ЭКСПО-ға қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағы. Аяқталуы сағат 13.00-ге жоспарланған. 1-ші орынға ие болған жеңімпазға 850 000 теңге көлемінде сыйақы және «Air Astana» әуе компаниясына кез-келген бағытқа бару-қайту бағыты бойынша билет беріледі.