Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл іс 15 желтоқсанда аяқталады.
Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді.
Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.
Айта кетейік, 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар қатысқан «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталған болатын.
Алдын ала болжам бойынша 2 млн келушілер күтілген, алайда келушілердің жалпы саны 3 977 545 құрады.