ЭКСПО-2017 • 13 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017: Қоғамдық тәртіпке атсалысқан қызметкерлер марапатталды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

93 күнге созылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 4 миллион адам қатысты. 

ЭКСПО-2017: Қоғамдық тәртіпке атсалысқан қызметкерлер марапатталды

Құқық қорғау және арнайы органдар көрмеге заманауи қауіпсіздік жүйесін орнатты. Осы ретте күштік құрылымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша алдына қойған міндеттерді орындауда бірлескен үйлесімді іс-әрекетті көрсетті. 

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінде ЭКСПО көрмесін дайындау және өткізу кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан және өзінің міндеттерін үлгілі орындағаны үшін лауазымды тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті.

Бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және ішкі істер органдары бөліністерінің 745 лауазымды тұлғаны марапатталды.

ЭКСПО көрмесін  дайындау және өткізу кезінде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің тиімді жұмыс істеуі қылмыстың деңгейінің төмендеуіне және Астананың ең қауіпсіз  қала болуын қамтамасыз етті.

ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін 9 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды (4,6 мың ІІМ-нің қызметкері, 1,8 мың Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері, 1,5 мың. – Қорғаныс министрлігі, 630 жеке меншік күзет ұйымдары).

Жалпы алғанда көрме кезінде қандай да бір төтенше жағдайларға, резонансты қылмыстарға жол берілмеді.