Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2017

Петропавл қалалық ІІБ жаңа басшы тағайындалды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі  істер министрі  Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен Петропавл қалалық Ішкі Істер Басқармасының  бастығы болып полиция подполковнигі Жандос Мұқатов тағайындалды. 

Петропавл қалалық ІІБ жаңа басшы тағайындалды

Оны жеке құрамға ОІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов таныстырды. Б. Біләлов  өз сөзінде өңірде  криминогендік жағдай тұрақты екендігін айта  келір,  алдағы істе сәттілік тіледі.

Жандос Амангелдіұлы 1982 жылы туған.  Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы тергеушіліктен бастаған. «ІІ дәрежелі Айбын» орденімен марапатталған.  Осы қызметке дейін Павлодар облысы Шарбақты  аудандық ІІБ-ін басқарған. Петропавл қалалық ІІБ бұрынғы бастығы, полиция полковнигі Анатолий Мырзаханов  Жамбыл облыстық ІІД бастығының орынбасары қызметіне ауысты.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы