Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылып, мемлекеттік органдардың, отандық компаниялар мен ұйымдардың 30-дан астам АТ-жобалары ұсынылды. Мемлекет басшысы цифрлық индустрияны дамыту акрқылы өзге салаларға серпін беретіндігін жеткізді.
«Бәсекелестікте басым түспесек артта алып, алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Күрт өсім, табыс, өнімділік пен капиталдандыру - міне іс осында жатыр. Цифрлық экономиканың берері де осы», - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен бірге, ел президенті Қазақстан Үкіметінің жуырда жаңа құрамы тағайындалғанын, олардың дені жастар екендігін айтты.
«Орташа жастары 40 пен 45 жас аралығында. Ең жасы 36-да. Ең үлкені 50 жаста. Олардың барлығы батыстың белді университеттерінде білім алған. Міне, барлықтарыңыздың қолдарыңызға карта беріліп отыр. Оқыған азаматтар отандары үшін қандай үлкен проблеманы шешетіндіктерін білуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Шараны Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ бірлесіп өткізіп жатыр.
Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»