Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

Петропавлда құқықтық қызмет көрсету e-орталығы ашылады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  облыстық  басқармасы өткізген жиында құқықтық қызмет көрсету орталығына арналған ғимараттың жуық арада қолданысқа берілетінін,  электронды жүйемен толық жабдықталатынын мәлімделді.

Петропавлда құқықтық қызмет көрсету e-орталығы ашылады

«Онда  поркуратура, әділет, ішкі істер органдарының өкілдері мен медиаторлар  орталықтандырылған әдіспен жұмыс істеп, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер береді», деді басқарма бастығының орынбасары Махаббат Кәрібайқызы.

Сонымен қатар «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы таныстырылды. Мұнда өтініш жазылғаннан бастап үкім шыққанға дейінгі барлық материалдар электронды түрде сақталады. Қанатқақты жоба тергеу жұмыстарының мерзімін қысқартып істің  сапасын арттырып, құжаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.  Сондай-ақ «Электрондық әкімшілік іс» мобильдік  қосымшасы да қызмет көрсетеді.

Бөлім жетекшісі Айдар Мұқановтың айтуынша  әкімшілік заң бұзушылықтарды тіркейтін бірыңғай база арқылы полиция қызметкерлері хаттаманы оқиға орнында да толтыра алады.  Заң бұзушы сол жерде төлем картасы арқылы айыппұлды төлеуге мүмкіндік алады.

 Жиында тергеушілердің  азаматтарды қылмыстық істі тергеу барысына қатыстыру үшін  жылына шамамен 2 миллионға жуық шақырту жөнелтілетіні  мысалға келтірілді.  Енді қағазбастылықтан арылу үшін  арнайы құжаттар    СМС арқылы жіберілетін болады.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы