– Ертеңгі ойынға сақадай сай тұрмыз. Жаттығулардың бәрін жоспар бойынша орындадық. «Вильрреал» - шабуылға көңіл бөлетін Еуропадағы мықты командалардың бірі. Ойындары негізінен қысқа әрі жылдам пас арқылы өрбиді.
– Қазақстандағы бірқатар журналистер, сарапшылар «Астананың» Еуропа лигасында өнер көрсеткенін құп көреді...
– Әрине, кім де болсын деңгейі жоғары турнирге қатысқанды қалайды. Бірақ біз Еуропа лигасының топтық кезеңіне түскен болсақ, демек деңгейіміз осыған сай дегенді білдіреді. «Астана» жыл сайын күшейіп келеді, сәйкесінше, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздейміз. Ертеңгі ойында қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды салатын боламыз.
– Сіздің ойыңызша, «Вильярреалдан» қандай қауіп күтуге болады? Ал өз кезегінде «Астана» қандай футбол көрсетпек?
– «Вильярреал» өз алаңында ойнағандықтан, шабуылға баса мән береді деп ойлаймын. Ал біз жұмылған жұдырықтай болуымыз керек. Бапкеріміздің нұсқауын толығымен орындап, қажетті нәтижеге жетуге тырысамыз.
– Испаниялықтардың сапынан қай ойыншы сізге көбірек қиындық тудырады деп ойлайсыз? Қай футболшының ойынын ерекше атап өтер едіңіз?
– Өз басым нақты мына ойыншы мықты деп атағанды жөн көрмеймін. Бірақ «Вильярреалдың» оңай қарсылас емес екенін жақсы білемін. Қандай жағдай болмасын матч біз үшін жақсы аяқталады деп үміттенемін.
– Төрт жыл бұрын «Астана» «Вильярреалға» қарсы ойнаған болатын. Біз елордалықтардың осы уақыт аралығында дамып жатқанын байқап отырмыз. Ал сіздің пікіріңіз қандай?
– Төрт жыл бұрын «Астанада» ойнамаған едім. Сондықтан ол кезеңдегі ойындарға пікір білдіруім қиындау. Бірақ «Астананың» жыл сайын дамып жатқанына сенімдімін.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»