Парламент • 15 Қыркүйек, 2017

Құқықтық келісім елімізге Еуропаны жақындатады

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілістің жаңа сессия­сын­дағы алғашқы жалпы отырысында Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасында қылмыстық істер бойынша құ­қық­тық көмек көрсету туралы шарт­ты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. 

Құқықтық келісім елімізге Еуропаны жақындатады

Бұл шартқа Елбасы Н.Назарбаев­тың 2016 жылғы тамызда Сер­бияға барған ресми са­парында екі мемлекеттің басшы­лары қол қойған болатын. Еу­ропа елдерімен осындай екі­жақты шарттар жасау өте ма­ңызды. Өйткені біз әлі Еуро­палық кеңестің конвенциясына қосылған жоқпыз. Ал енді мынадай екіжақты шарттар арқылы біз Еуропа құрлығын қамтып, нәтижесінде аталған конвенцияға қосылуға мүмкіндік аламыз. 

Қазір Қазақстан мен Сербия арасында ерекше достық қарым-қатынастар орнап келеді. Сербия Қазақстанның барлық әлемдік бастамаларын қолдап отыр. ЭКСПО халықаралық көрмесіне де белсенді түрде қатысты. Экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық та нығайып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс және сау­да саласында Сербияның 24 компаниясы жұмыс істейді. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер де Сербия экономикасына инвестиция құюда. Көші-қонның белсенділігіне екі ел арасындағы визасыз тәртіп оң ықпалды әсер жасап отыр. 

Қазіргі заманда құқық бұзушылық барлық елдердің дамуында экономикалық кедергілердің бірі болып табылады. Кез келген ел халықаралық ынтымақтастық жасамай бұл істе нәтижелі күрес жүргізе алмайды. Тек қана мемлекеттердің бірлескен күш-жігерімен трансұлттық қылмыстарға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады. Қылмысқа қарсы күрес туралы заңнаманы жетілдіру де өзара бірлескен іс-қимылдарды талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, барлық экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуде де осы заң жобасын қабылдау өзектілігін көрсетіп отыр.

Қаралған заң жобасы Қа­зақ­стан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қыл­мыстық істер бойынша құ­қықтық көмек көрсетуге тікелей ба­ғытталған. Заң жобасы осы мәселені реттейді. Мұнда халық­аралық тәжірибені ескере оты­рып, көрсетілген көмектің нақ­ты нысандары мен қыл­мыс­тың түрлеріне қарай ынтымақ­та­с­тық­тың қалыптасқан рәсімі көз­дел­ген. Осы шаралар мемлекеттің қылмысқа қарсы күресін жетілдіре түсіп, тұтастай алғанда қылмысты азайтуға және оның алдын алу шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Қабиболла ЖАҚЫПОВ, 
Мәжіліс депутаты