– Биылғы жыл – қазақ халқы мен еліміз үшін өте маңызды тарихи жыл. Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Жалпы, мақтанарлық жағдай елімізде көп, оның ішінде Астананың орны бір бөлек. 10 жылдан астам уақыт ішінде жас қала, әсем қала бой көтерді. Жыл сайын қалада көптеген ғимараттар, тұрғын үйлер беріліп келеді. Астаналықтар үшін 1 миллион 400 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып жатыр. Соның бірі – баршамыздың қуанышымызға, сіздердің өмірлеріңіз бақытты, баянды болуы үшін салынған мына үй. Қазақ халқы «Ер – елдің қорғаны» дейді. Расында да, елордадағы, еліміздегі тәртіп пен тыныштықтың сақталуы – сіздердің еңбектеріңіздің арқасы, – деді құттықтау сөз сөйлеген Иманғали Тасмағамбетов.
Бұл кешеннің жалпы ауданы 8 947 шаршы метр. Пайдалануға берілген 108 пәтерлі бұл үйдің құрылысын «Бәйтерек-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Қоныс той иелері – қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері. Министр мен қала әкімінің қолынан пәтер кілтін алғандар арасында ауған соғысының ардагері, миграциялық полиция инспекторы Е.Секербаев, учаскелік инспектор Д.Райқұлов, жол полициясының инспекторы М.Карбеков, патрульдік полиция инспекторы К.Әнуарбекұлы, тергеу басқармасының анықтаушысы А.Әкетаев, аға жедел уәкіл Ж.Абдулаев, патрульдік полиция полкінің инспекторы С.Абсалямов және басқа қызметкерлер бар. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкері Асылбек Өмірбековтің жесірі Аумақ Айтолқынға пәтер кілтін өз қолымен табыс етті. Екі бірдей жетім қалған баланы бағып отырған Аумақтың өзі де бүгінгі күні құқық қорғау саласында қызмет етіп жүр.
Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында «өз үйі, өлең төсегіне» ие болған 108 полиция қызметкері жасаған қамқорлықтары үшін Елбасына, қала әкіміне және министр атына өз алғыстарын білдірді.
Шарафаддин ӘМІР.

Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 20:56
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Бүгін, 20:19
Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48