Бокс • 17 Қыркүйек, 2017

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесуі тең аяқталды

725 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жек тең аяқталды. Головкин T-Mobile Arena-да тұңғыш рет жұдырықтасқанын айта кетейік.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесуі тең аяқталды

Алғашқы раундтарда Сауль белсенділік танытып, Головкинге бірнеше соққысын дартыта білсе, отандасымыз қорғаныста қателік жіберіп жатты. Дегенмен, джеб соққылары Альвареске дөп тиді.

Үшінші-төртінші раундта Геннадий жылдамдығын арттырып, жекпе-жекке кірісе бастады. Альварестің осал тұсын тауып, бүйірден соққылауға тырыстып бақты.

Бесінші раундта Головкин шабуылды үдете түсіп, «Канелоны» бұрышқа тықсырып, бірнеше анық соққы жасады. Бұл раундта Альварес тек қорғаныспен болды. Геннадий бұл үш минутты өз пайдасына шешті.

Алтыншы раундта Сауль біраз шаршағандай көрінді. Бұрыштан-бұрышқа қашып, қорғаныспен жүрді. Бірақ, реті келгенде Головкинге соққы жасап жүрді.

Жекпе-жектің ең қызған шағы сегізінші-тоғызыншы раундта болды. Екі раунд бойы Головкин қарсыласын қыспаққа алып, мексикалық боксшыға соққы жасауға еш мүмкіндік бермеді. Бұл екі раундта да отандасымыз ұпай санымен басым болды.

Кездесу аяқталып жатқанын сезген екі боксшыда 10-раундта ұпай алу үшін кезек-кезек соққы алмасты. Қос боксшы бірінші нөмірмен жұмыс істеуге тырысқан болды. Ашық айқастан қашқан жоқ.

Соңғы 12-раундта Альварес бірінші раундтағы басымдылығын қайта қолға алды. Бірақ, руанд ортасына келіп, «Канело» шаршап қалды. Сөйтіп, Головкинді қайта-қайта құшақтап, уақыт созумен болды. Осы арқылы ол Головкинге соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Бұл да оның тактикалық жүрісі еді. Раунд соңында Альварес Головкиннің соққысынан нокдаун алып қалғандай көрінді.

Сөйтіп, кездесу қорытындысы төрешілердің шешімімен аяқталды. Бірінші төреші жеңісті Альвареске берсе, екінші төреші Геннадий жеңіске жетті деп есептепті. Алайда, үшінші төреші кездесуді тең деп тапты.

Осылайша, 35-жастағы Геннадий Головкиннің карьерасындағы тұңғыш тең нәтижесіне қол жеткізді. Ал, қарсыласы Сауль «Канело» Альварестің мансабындағы екінші тең жекпе-жегі. Ол бұған дейін 2006 жылы өзінің отандасымен тең жұдырықтасқан болатын.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин екінші рет 12 раунд толық жұдырықтасып отыр. Головкинге бұл жекпе-жекте 3 миллион доллар, ал, оның бәсекелесі Альварес 5 миллион доллар сыйақы берілді деп хабарланған.

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Ол WBA (Super) белбеуін 18-ші, IBO белбеуін 16-ші және WBC белбеуін 3-ші рет қорғады.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45