Елбасы Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен кездесуін тікелей эфирде тамашалады. Бұл туралы Ақорданың Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, Ақордада өткен журналистермен кездесуінде Елбасы сапарда болса да Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көретінін және барша қазақстандықтарды отандасымызға жанкүйер болуға шақырған болатын.