Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2017

Ақмола облысының студенттері 1,5 млн теңге табыс тапты

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысының студенттері өндірістік тәжірибеден өтудің арқа­сын­да 1,5 миллион теңге табыс тап­­қан.

Ақмола облысының студенттері 1,5 млн теңге табыс тапты

Нақтырақ айтқанда, Есіл ау­д­а­нындағы №7 агротехникалық кол­ледж студенттері дуалды оқыту жүйе­сінің арқасында білімдерін то­лық­т­ырып қана қоймай, сонымен қа­тар тікелей өндірісте өз білік­ті­ліктерін де арттыра алды. 

Былтыр осындай өндірістік тә­жі­рибеден өтудің арқасында сту­де­нт­тердің 1,5 миллион теңге табыс тапқандығы оларды еңбекке ыңталандыра түсетіні айтпаса да түсінікті. Жалпы, аталған колледж 2015 жылдан бері «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуалды оқытуды қолға алған бо­латын. Ал 2016 жылы Ақмола об­лы­сының кәсіпкерлер палатасында тір­келген. Содан аталған мамандық бойынша үшжақты 39 келісімшарт тү­зіліп, дуал­ды оқыту жү­зеге асыры­ла бастады. Бұдан бас­қа, жыл сайын көктемгі егіс нау­қаны мен күзгі жи­ын-терімде шаруа қожа­лық­тары студенттерді «Фер­мер­лік шаруашылық», «Дәне­керлеу ісі» мамандықтары бойын­ша кәсі­би тәжірибеден өтуге қабылдап ке­л­еді. Әсіресе тәжірибеден өту­шілер ішінде тракторшылар, дә­не­керлеушілер, есепшілер, аспаздар үлкен сұранысқа ие. Колледж дирек­торының оқу-өндірістік жұмыс жө­ніндегі орынбасары Наталья Бой­ко оқыту процесінің кестесі сту­де­нттерді тәжірибеден өткізуге қа­был­­дай­тын әріптестердің жұмыс ере­к­ше­лігіне қарай түзілетінің ерекше атап кетті. 

Студенттердің кәсіптік тә­жіри­бе­­­д­ен өтуі үшін қажетті кәсіп­орын­дар­дың саны қазіргі кезде 40 жетсе, осын­шама база қалыптасқандығын ерек­ше атай кеткен жөн. Н.Бойко бұл ретте таңдау құқы заманауи ма­те­­риалдық-техникалық базасы бар, бі­лікті мамандары жеткілікті және ұзақ уақыттан бері өзара тиімді не­гіз­де студенттердің тәжірибеден өтуі үшін өз базаларын ұсынып ке­ле жатқан кәсіпорындарға бері­ле­тіндігін алға тартады. Осындай то­лық­қанды кәсіби тәжірибеден өту­дің арқасында оқуын бітірген сту­денттер тез жұмысқа алынып жата­ды. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының таратқан мәліметіне сенсек, 2016 жылдан бастап колледж түлектерінің зейнетақы есеп шоттарында қаржы жинала бастаған. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50