Президент • 18 Қыркүйек, 2017

Елбасы Тараздағы Достық үйінде болды

692 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мелмкет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапармен Жамбыл облысында жүр. Елбасы сапар барысында Тараздағы бірқатар нысандарды аралайды деп жоспарланған.

Елбасы Тараздағы Достық үйінде болды

Елбасы алдымен «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен бой көтерген Достық үйі ғимаратына барды. Онда  Мемлекет басшысы Жамбыл облыстық ҚХА өкілдерімен жүздесті.

Достық үйі облыстағы этнос өкілдерін бір ортаға біріктірген киелі шаңырақ болып саналады. Сәулетті ғимаратты салуға мемлекет қазынасынан 1 миллиард 277 миллион теңге бөлініп, мақсатты игерілді. Бүгінгі таңда облыс ассамблеясының құрамында 175 қоғамдық келісім кеңестері, 27 аналар кеңесі, 12 медиация кабинеті, 12 ақсақалдар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы, ғылыми-сараптамалық топ, қолөнер шеберлерінің клубы және «Ақ желкен» жастар лигасы жұмыс істейді. Сондай-ақ мұндағы 240 орындық мәжіліс залы, пікірлесуге арналған дөңгелек үстел алаңы, жүз адамға арналған конференц-зал, ғылыми-әдістемелік бөлмелер, хореографиялық зал өңірдегі игі шараларды өткізуде, Елбасы саясатын насихаттауда оң нәтиже көрсетіп отыр. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этностық құрам өкілдерінен қазақ, орыс, дүнген, түрік, өзбек, күрді, әзербайжан, қырғыз, корей, татар, неміс, украин және тағы сол сияқты 73 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудандарда құрылған. Жалпы қазіргі таңда Жамбыл облысында 87 этнос өкілі өмір сүріп жатыр. Бәрі де Достық үйі шаңырағында Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, дамуына үлес қосып келеді. Бейбітшілік пен келісім ордасының да негізгі мақсаты мен міндеті - ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың дархандығын, кеңпейілдігін дәріптеу, насихаттау. Айта кетерлігі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен бой көтерген Достық үйі нысаны қолданысқа 2016 жылдың 10 қыркүйегінде берілген болатын.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан».

ТАРАЗ 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20